Шымкентте бірде-бір рет жол ережесін бұзбаған жүргізушілер анықталды
08.01.2025 23:41
Фото:
Видеодан кадр
Шымкент көшелерінде ерекше рейд өтті. Патрульдік полицейлер толығымен заңға бағынған автокөлік тізгіндеушілерді анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz-ке сілтеме жасап El.kz ақпарат агенттігі.
Жол жүру қағидаларын ешқашан бұзбаған жүргізушілерді тәртіп сақшылары қалалық Полиция департаменті бастығы атынан Алғыс хаттармен марапаттады.
Олардың арасында 57 жастағы Шахадат Саитова бар. Қала тұрғыны 20 жылдан астам көлік жүргізіп келеді және осы уақыт ішінде жол қозғалысы ережелерін бірде-бір рет бұзған емес.
Аталған іс-шараларды қала полицейлері қауіпсіз жол қозғалысын насихаттау және көлік жүргізу мәдениетін арттыру мақсатында жүйелі түрде өткізуді жоспарлап отыр.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

