Жаңалықтар

Шымкентте бір топ жігіт ұрыға білместікпен көмектескен

Шымкентте бір топ жігіт ұрыға білместікпен көмектескен
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 04.10.2023 16:12 798

Шымкентте бір топ жігіт ұрыға білместікпен көмектескен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Абай АПБ-ның “102” арнасына жергілікті тұрғын үйінің ауласындағы автотұрақтан мопед ұрланғанын айтып арызданды. Келтірілген материалдық шығын көлемі – 400 мың теңге.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеп, шұғыл іздестіру жұмыстарына кірісті. Жедел басқару орталығының көше камераларын тексеру кезінде ұрлық болған маңнан бір топ жігіттің мопед сүйреп шыққаны көзге түсті. Кейін, жас жігіт олардан “бұзылған мотокөлігін” жолдың шетіне дейін шығаруға көмек сұрағаны анықталды.

Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде заң бұзушы тұрғылықты мекенжайында ұсталды, мопед тәркіленіп, иесіне қайтарылды. Тергеу барысында күдікті ұрланған мүлікті 2 шақырымға дейін жалғыз сүйреп, өз үйіне жеткізгені белгілі болды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Абай АПБ-ның тергеушісі Мұхтархан Дүйсенбаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға