Шымкентте бір күнде 270-ке жуық қоғамдық автобус жүргізушісі жауапқа тартылды
23.01.2024 23:05
Фото:
Шымкент қ. Полиция департаменті
Шымкентте «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасының алғашқы күнінде жол қозғалысы қағидаларын бұзған 268 тізгіндеуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полиция департаментінің мәліметінше, жауапқа тартылғандардың 45-і рөлде отырғанда ұялы телефон пайдаланған, 18 жүргізуші тасымалдау ережесін, ал 22-сі маневр жасау қағидаларын бұзған. Автобусты техникалық байқаудан өткізбеген 20 азаматқа хаттама толтырылды.
Жедел-профилактикалық шара кезінде бір көлік құралы айып тұраққа қойылып, автобус парктерінің 2 лауазымды тұлғасы жауапқа тартылды.
Оқи отырыңыз:
- Қоғамдық көліктерде SOS батырмасы орнатылады
- Шымкентте қоғамдық көліктердегі бейнекамераларды полицейлер бақылап отырады
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

