Жаңалықтар

Шымкентте білім басқармасының лауазымды тұлғаларына 36 млн теңге айыппұл салынды

Шымкентте білім басқармасының лауазымды тұлғаларына 36 млн теңге айыппұл салынды
Фото: ©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ 02.08.2023 10:16 1177

Шымкенттік білім басқармасының лауазымды тұлғалары жүйелі жемқорлық қылмыстар үшін сотталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты білім басқармасының мамандары А. Шиндаулов пен М. Мейірбековке қатысты үкім шығарды.

Аталған адамдар 36 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. Олар субсидиялау шарттарына кедергісіз қол қойғаны үшін 100 мыңнан 500 мың теңгеге дейінгі сомада мектепке дейінгі мекемелердің басшыларынан жүйелі негізде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды, - делінген мәліметте.

Сотталғандар мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, қаржы ұйымдарында және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға