Жаңалықтар

Шымкентте Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері сотталды

Шымкентте Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметкерлері сотталды
Фото: ©El.kz/Бауыржан ЖУАСБАЕВ 16.06.2023 09:45 778

Шымкентте Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің, оның аумақтық бөлімшелерінің, ветеринариялық қызметтің, Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің лауазымды тұлғаларына және «Құт Береке» шаруа қожалығының басшысы мен өкілдеріне қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Антикор мәліметінше, аталған адамдар ветеринариялық рұқсаттар мен сертификаттар бергені, малды мемлекеттік шекара арқылы кедергісіз өткізгені, қызметтік жалғандық жасағаны, жалған құжаттарды бұрмалағаны және пайдаланғаны үшін жүйелі негізде пара алғаны және бергені үшін кінәлі деп танылды.

Бұдан басқа, шаруа қожалығының басшысы мен ветеринариялық қызмет қызметкері мемлекет мал шаруашылығын дамытуға субсидия бөлген кезде 104 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды. Сот үкімімен кінәлі адамдарға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза 1 жыл 5 айдан 7 жыл 6 айға дейін, сондай-ақ 2-ден 26 млн теңгеге дейін айыппұл тағайындалды, - делінген мәліметте.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға