Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкентте әскери қызметшілер марапатталды

Шымкентте Отан қорғаушылар күніне арналған «Егемен елдің қорғаны» атты салтанатты іс-шара өтіп, бірқатар әскери қызметші қала әкімінің Алғыс хатымен марапатталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Өнерпаз ұжымдар қонақтарға патриоттық бағыттағы арнайы әзірленген концерті мен тағлымды қойылымдарын ұсынды. Мерекелік көңіл-күй ардагерлерден бастап жас әскери қызметкерлерге дейін ұрпақтар сабақтастығын бір арнаға тоғыстырды.

Бұл күні бейбіт қызметте ғана емес, төтенше жағдайларда – су тасқыны, өрт немесе басқа да қауіп-қатер кезінде ерлік көрсеткен сарбаздар мен офицерлерге құрмет көрсетілді.