Жаңалықтар

Шымкентте әскерге шақырылған жігіт терезеден секіріп кеткен

Шымкентте әскерге шақырылған жігіт терезеден секіріп кеткен
Фото: pixabay.com 16.08.2024 10:45 781

Шымкентте әскерге шақырылған жігіт әскери комиссариаттың терезесінен секіріп кеткен, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Түркістан облысы Төлеби ауданы Тағайна ауылының 18 жастағы тұрғыны Бехруз Равшанбековті әскери комиссариатқа алып кеткен. Жігітті көлікке күштеп отырғызып, қабылдау пунктіне апарған.

Жігіттің сөзінше, жолда әскерилер оны әскерге шақырудан босату үшін ақша сұрай бастаған. Қазір әскери тергеу бөлімі әскери комиссариат қызметкерлерінің қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалануы бойынша істі тексеріп жатыр. Ал қалалық қорғаныс департаменті өзінің іскерлік беделін қорғау үшін зардап шеккен жігіттің әкесінің үстінен сотқа шағым түсірген.

Жәбірленушінің әкесіне қатысты сотқа арыз берген Шымкент қалалық қорғаныс істері жөніндегі департаментінің шағымында Ғайнанов жауапкер ретінде іскерлік бедел мен абыройға нұқсан келтірді деп айыпталып, оның сөздері шындыққа жанаспайтыны айтылған. Талап арызды Төлеби ауданының аудандық соты қабылдады. Алайда бірнеше сот отырысынан кейін департамент талап арызынан бас тартты.

Ал әскери тергеу басқармасы үш ай бойы «қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдалану» бабы бойынша қозғалған істің мән-жайын тергеп жатыр.

Бекруз Равшанбеков әскерден жалтарушы ретінде іздеуде болмаған, оған шақыру қағазы мүлдем келмеген, өйткені ол кезде 18 жастағы жігіт Төлеби ауданында да, Шымкент қаласында да тұрғылықты жері бойынша әскери есепте тұрмаған. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға