Жаңалықтар

Шымкентте алғаш рет "эпилепсия" диагнозы қойылған науқасқа ота жасалды

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі мәлім етті
Шымкентте алғаш рет "эпилепсия" диагнозы қойылған науқасқа ота жасалды
Фото: gov.kz 29.11.2022 21:02 1055

Шымкенттік дәрігерлер күрделі неврологиялық аурулары бар пациенттерге бірегей операциялар жасайды. Бұл жолы дәрігерлер көршілес елдер мен Алматы қаласынан келген әріптестерімен бірлесіп, қалалық балалар клиникалық ауруханасының базасында алғаш рет эпилепсия диагнозы қойылған науқасқа операция жасады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
     
"Балалар нейрохирургиясындағы операцияның инновациялық әдістері" ғылыми конференциясы аясында Қалалық балалар клиникалық ауруханасы базасында Ресей мен Алматы қалаларынан жоғары білікті мамандардың қатысуымен бірегей нейрохирургиялық операциялар-шеберлік сыныптары өткізіледі.

"Шымкент қаласы әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен 2021 жылы жергілікті мәслихаттан 2,5 млрд. теңге бөлінді. МРТ аппараттары, ангиограф, нейрохирургиялық микроскоп сияқты медициналық жабдықтар сатып алынды: Бүгін осы аппараттарды пайдалана отырып, Ресей мамандары мен Алматы қаласының №2 Балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Марат Рабандиярович Рабандияровтың қатысуымен шеберлік сыныптары өтуде. Жаңа технологияларды қолдана отырып, жаңа әдістерді игеру біздің біліктілігімізді арттыруға септігін тигізеді", - дейді қалалық балалар клиникалық ауруханасының бас дәрігері Динара Жұмаділова.

Мастер-класс барысында РФ «В.А.Алмазов атындағы Ұлттық медициналық ғылыми орталық» Федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесі университетінің балалар нейрохирургиясы кафедрасының меңгерушісі, профессор Ким Александр Вонгиевич және Алматы қ. "№2 қалалық балалар клиникалық ауруханасы " ШЖҚ МКК бас дәрігері, С. Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ нейрохирургия кафедрасының доценті, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Рабандияров Марат Рабандиярович отандық мамандармен бірлесіп орталық жүйке жүйесінің туа біткен ақаулары (краниостеноз-синостоз, Арнольд Киари; Мойя-Мойя ауруы, церебральды сал ауруы) бар науқастарға бірнеше күрделі ота жасайды.
    
Бұл мастер-класстың негізгі мақсаты - қалалық балалар клиникалық ауруханасында нейрохирургиялық қызметті жоғары деңгейде дамыту және дәрігерлердің кәсіби біліктілігін арттыру.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға