Шымкентте алаяқ әйел 3 тұрғынды тәрбиеші етіп жұмысқа тұрғызамын деп 12 млн теңге алған
24.01.2024 19:31
Фото:
freepik.com
Шымкент үш әйел балабақшаға жұмысқа орналасу үшін алаяққа 12 млн теңге берген, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Алданған тұрғындар полицияға жүгінген. Айтуларынша, бейтаныс әйел оларды балабақшаға тәрбиеші етіп жұмысқа орналастыруға уәде беріп, бұл қызметі үшін сенгіш әйелдердің әрқайсысынан қомақты ақша алған. Келтірілген жалпы шығын көлемі - 12 миллион теңге.
Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған жайт бойынша тергеу басталды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде жедел уәкілдер күдіктіні ұстады. Күдікті әйел қамауға алынды. Ол бұрын осыған ұқсас қылмысы үшін сотталған Түркістан облысының тұрғыны болып шықты.
Оқи отырыңыз:
- Астанада бала күтуші үй иесінің алтын бұйымдарын жымқырған
- Банк менеджері тұрғындардың атынан 21 млн теңгеге несие рәсімдеп алған
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

