Жаңалықтар

Шымкентте әкімнің көзінше ұсталған шенеунік сотталды

Шымкентте әкімнің көзінше ұсталған шенеунік сотталды
Фото: Ғабит Сыздықбековтің жеке парақшасынан алынған 27.08.2024 21:12 613

Шымкентте әкімдіктегі жиналыс кезінде ұсталған шенеунікке сот үкімі шықты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Естеріңізде болса, Шымкент қаласы Тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасары Азат Момынов қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өтіп жатқан жиналыста ұсталды. Бұл сәттің видеосын әкімнің өзі «өзгелерге сабақ болсын» деп жариялады.

Шымкент соты «қаладағы үйлердің сейсмикалық тұрақтылығын тексеруге және үйлерді жөндеуге бөлінген 367 миллион теңге бюджет ақшасын жымқырып, мемлекетке аса ірі көлемде шығын келтірді» деп айыпталған қалалық тұрғын үй басқармасы басшысының орынбасарын 9 жылға, ал оның кәсіпкер серігіне 8 жылға соттады.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға