Жаңалықтар

Шымкентте адамдар мінген аттракцион биіктікте сынып қалды

Шымкентте адамдар мінген аттракцион биіктікте сынып қалды
Фото: pixabay.com 21.05.2023 19:07 1504

Шымкенттегі саябақтардың бірінде адамға толы аттаркцион биіктікте тұрып қалды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Әлеуметтік желіде таралған ақпаратқа сәйкес, «Бәйтерек» аттаркционы – биіктік пен адреналинді жақсы көретіндерге арналған. Оның ерекшелігі сол - биіктікке көтерілген соң айнала бастайды.

Алайда демалыстарын естен кетпестей өткізгілері келген шымкенттіктер ауадағы 20 минут бойы «тұрып қалған». Кейіннен адамдарды аттаркционды жөндеген қызметкерлер құтқарды.

Биіктікке көтерілгеніміз сол еді, оның (аттаркционның – ред.) тоқтап қалғанын байқадым. Бізді қашан жерге түсіргенше күттік. 6 адам – 2 жігіт пен 4 қыз едік. Қыздар қорқып, айғайлай бастады. Мен оларды сабырға шақыруға тырыстым. Жоғарыда 20 минуттай отырдық, одан соң бізді түсіре бастады, бірақ аппарат дұрыс жұмыс істемегендіктен, толықтай түсе алмадық. Біз, қала тұрғындары, барлығын техникалық қызмет көрсетуге жауып, дұрыстап тексеріп, қауіпсіздік техникасын сақтауларын өтінеміз, - дейді қала тұрғындарының бірі Роман есімді жігіт.

Бәрі аман-есен аяқталған соң билетті сатқандар аттаркционның билетіне төленген ақшаны қайтарудан бас тартқан.

Аттаркционның сынуына электрқозғалтқыштың ескіруі себеп болды деп ойлаймын. Олар сымдарды кесіп, тұйықтаған соң бізді түсірді. Бірақ ақшаны қайтарғылары келмеді, - дейді қала тұрғыны.

Еске салайық, бұл аттаркциондағы алғашқы ТЖ емес. 2021 жылы мамырда Шымкенттегі аттаркцион үзіліп, 17 жастағы жасөспірім қаза тапқан болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға