©El.kz

Шымкентте 45 директордың басшы ретіндегі біліктілік санаты жоқ болып шықты

26.02.2024 13:43

Шымкентте 45 директордың басшы ретіндегі біліктілік санаты жоқ, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы қала тұрғындары ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевпен кездесуде мәлім етті.  Сонымен қатар, 13 білім ордасының басшысы бір орында 7 жылдан бері отыр. Оtyrar.kz хабарлауынша, Шымкентте 26 мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Биыл 3 мектепті реконструкциядан өткізу үшін 2 млрд-қа жуық қаржы қаралып отыр.

2025 жылға дейін 25 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізіледі. Шымкентке жұмыс сапарымен келген ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев жаңа мектептер салумен қатар, ескі мектептерге де лайықты көңіл бөлу қажеттігін айтты.

Шымкент қаласында 2028 жылға дейін 50 340 оқушыға арналған 63 мектеп салу жоспарланып отыр.