Жаңалықтар

Шымкентте 4 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалды

Шымкентте 4 мыңға жуық кәсіпкердің құқығы қорғалды
Фото: © Pixabay.com 19.12.2023 17:40 736

Шымкент қаласының прокуратурасы 4 мыңға жуық кәсіпкердің құқығын қорғады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Биыл прокурорлар 3 847 кәсіпкердің құқығын қорғап, 5 әкімшілік кедергіні және 3 027 құқықтық актінің күшін жойды. Монополияға қарсы органның заңсыз тексеру, салық органы кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз араласу фактілері анықталып, кінәлі басшылар әкімшілік жауапқа тартылды.

«Шымкент сушар» МКК қатты тұрмыстық қалдықтарын қабылдау шарты бойынша 105 кәсіпкерге аванстың 50 пайызын төлеуге мәжбүрлеу тәжірибесі тоқтатылды. Қадағалау актілері бойынша «Қоғамдық бақылау — түбіртекті талап ет» жобасы аясында қозғалған салық органдарының 228 әкімшілік ісінің күші жойылды. 

Оған қоса мектеп асханаларын жалға алған 78 кәсіпкерден «mektepmenu.kz.» қосымшасын пайдаланғаны үшін заңсыз ақша жинау тоқтатылды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға