Шымкентте 35 мың адамға арналған жаңа футбол стадионы салынады
07.12.2023 18:12
Фото:
© ОКҚ
Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков қалаға жаңа стадион салынатынын мәлім етті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Ғабит Сыздықбеков Шымкентке жаңа стадион салу мәселесі өте өзекті екенін айтады. Ол биыл Шымкенттегі «Ордабасы» футбол командасының өз тарихында алғаш рет футболдан Қазақстан чемпионы атанғанын да атап өтті.
Қаламыздың бас жоспарында жаңа стадион салатын орын белгіленген. Қазір жер телімін заңдастыру бойынша жұмыстар атқарылып жатыр. Жалпы ол стадион 35 мың адамға арналған. Бірақ қазіргі таңда нақты қай кезеңде бастайтынымыз туралы айта алмаймын, - дейді ол.
Шымкент қаласының әкімі бұл мәселені жуық арада қолға аламыз деп сендірді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

