Шымкентте 3 млн қарызы бар жүргізуші анықталды
Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр
13.03.2024 21:25
712
Шымкентте «Қорғау» қосымшасы арқылы қарызын төлеуден жалтарып жүрген жүргізуші анықталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Полицейлер Республика даңғылында берешегі бар көлік иесін тоқтатқан. Яғни, тәртіп сақшылары планшетте орнатылған «Қорғау» бағдарламасы арқылы заң бұзушының басқаруындағы «Mercedes-Benz» туралы сигнал алған.
Ер адамның атқарушылық іс жүргізу бойынша 3 млн теңге қарызы бар екені белгілі болды.
Жүргізушіге төлемдер туралы ескертілді. Көлік айыптұраққа қойылды. Қала тұрғыны қарызын өтегеннен кейін автокөлігін қайта ала алады,-делінген полиция мәліметінде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Оқи отырыңыз:
- Шымкентте алименттен жалтарып жүрген әкелердің көліктері айыптұраққа қойылды
- Шымкентте адам өлтірген күдікті «Қорғау» бағдарламасының көмегімен ұсталды
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Жақсылық Үшкемпіровке арналған турнир өз мәресіне жетті