Шымкентте 23 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі
13.03.2025 03:20
Фото:
ҚР АШМ
Қала аумағында көктемгі егіс науқаны басталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласы әкімдігінің мәліметінше, биыл 23 мың гектар аумаққа ауыл шаруашылығы дақылдары егіледі.
Соның ішінде дәнді дақылдар – 7,0 мың га (бидай – 5,8, арпа – 1,2), майлы дақылдар – 3,3 мың га, мал азықтық дақылдар – 10,9 мың га, көкөніс пен бақша дақылдары – 1,7 мың га, картоп – 0,1 мың га егіледі, - делінген мәліметте.
Егіс көлемінен 81,0 мың тонна өнім жиналады деп күтілуде. Сонымен қатар 2025 жылға шаруашылықтардан жалпы 919 тонна дизель отынына өтінім қабылданған. Көктемгі егін егу жұмыстарына – 616 тонна, күзгі егін жинау жұмыстарына – 303 тонна жанар жағар май бөлінеді.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

