Жаңалықтар

Шымкентте «2000 мектеп» республикалық акциясы өтіп жатыр

Шымкентте «2000 мектеп» республикалық акциясы өтіп жатыр
Фото: "Жол активтері сапасының  ұлттық орталығы" РМК Шымкент қалалық филиалы 19.09.2024 01:13 252

Шымкентте балаларды кәсіби бағдарлауға бағытталған «2000 мектеп» республикалық акциясы өтіп жатыр. Аталған шара шаһарда осымен бесінші рет ұйымдастырылуда, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

"Жол активтері сапасының  ұлттық орталығы" РМК Шымкент қалалық филиалының қызметкерлері мектеп оқушылары мен колледж студенттерімен кездесіп, мамандық таңдау бойынша кездесулер өткізуде.

Қазіргі таңда жол саласында мамандар жетіспейді. Сол себепті біз мектеп оқушыларымен кездесіп, осы салаға деген қызығушылығын арттыруға күш салып жатырмыз. «2000 мектеп» республикалық акциясы аясында жол саласында еңбек етуге ниет еткен студентерді өндірістік тәжірибеден өтуге шақырамыз, - дейді орталық мамандары.

Акция аясында оқушылардың қатысуымен ай сайын Ашық есік күні шарасы өтеді. Жеткіншектер сынақ зертханасын, оның техникалық жарақтандырылуын және сынақтардың жүргізілуін өз көздерімен көре алады.

Айта кетейік, соңғы бес жыл ішінде «Жол активтері сапасының  ұлттық орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалы 359  орта және жоғары оқу орындарында үгіт-насихат жұмыстарын өткізіп, оған 13 мыңнан астам оқушы қатысты. Мұндай кездесулер жыл соңына дейін жалғасады. 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға