Шымкентте 16 жылдан астам уақыт бойы іздеуде жүрген адам ұсталды
12.02.2025 10:25
Фото:
©El.kz/Арман Мухатов
Шымкент қаласы прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаментінің жүргізген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҚР ҚК-нің 99-бабымен (Адам өлтiру) қылмыстық құқық бұзушылық жасаған адам ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
2009 жылғы 9 қаңтарда «Астория» кафесінің жанында «А» есімді азамат атыс қаруын қолдану арқылы аса ауыр қылмыс жасап, тергеуден жасырынған. Қылмыскер 16 жылдан астам уақыт бойы халықаралық іздеуде болған, - делінген қалалық прокуратура мәліметінде.
Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

