Шымкентте 16 жастағы скутер жүргізушісі қаза тапты
Ақмарал Ағзамқызы El.kz тілшісі
10.11.2023 15:03
Фото:
© Polisia.kz
Шымкентте кәмелетке толмаған жасөспірім жол апатынан қаза тапты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
9 қараша күні сағат 19:40 шамасында Мұғалжар мен Алпамыс батыр көшелерінің қиылысында Zhweki скутері мен Kia Optima көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, - делінген хабарламада.
Салдарынан скутердің кәмелетке толмаған жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.
Іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

