Шымкентте 11 жастағы бала үйден қашып кеткен
Мөлдір Қайнар тілші
Шымкент қаласы полиция департаменті патрульдік полиция полкінің қызметкерлері үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен баланы тапты, деп хабарлайды EL.kz ақпарат агенттігі otyrar.kz-ке сілтеме жасап.
11 жастағы жасөспірімнің ата-анасы дабыл қағып, полиция қызметкерлердің көмегіне жүгінді.
Жедел басқару орталығы мен патрульдік полиция полкінің инспекторлары барлық күштерді жұмылдырып, тез арада жоғалған баланың ізіне түсті.
Нәтижесінде бала аман-есен отбасына оралды.
Өз кезегінде, баланың анасы полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

