Шымкентте 11 жасар қыз 3-қабаттан құлап кетті
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Dall-E
Фото: ©El.kz/Ербол БЕКБОЛАТ/Dall-E
17.04.2024 17:17
834
Шымкентте 11 жасар қыз 3 қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Оқиға әл-Фараби ауданындағы Әлімқұлов көшесінің бойындағы тұрғын үйлердің бірінде болған.
Ойнап жүрген жеткіншек 5 қабатты ғимараттың 3-ші қабатынан құлап кеткен. Оқиға орнына жедел жеткен төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері алғашқы медициналық қызмет көрсетті. Оқыс оқиғадан қыздың аяғы сынып кетті.
«Балалар ауруханасында алғашқы ем көрсетілді. Дәрігерлердің тексеруінен кейін амбулаториялық емделуге үйіне жіберілді. Жағдайы орташа. Оқиғаның мән-жайын полиция департаменті анықтайды», - делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан хабарламада.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Ұлттық ұлан әскері жас сарбаздармен толықты