Жаңалықтар

Шымкент қаласындағы «ДАМУ» қорының филиалы алты айлық жұмысын қорытындылады

«Даму» Қоры
21.07.2016 04:57 7178

Оңтүстік Қазақстан облысындағы «Даму» Қорының Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (КҚКО) 2016 жылдың 6 айы ішінде бизнесті ашу және жүргізу бойынша, соның ішінде бизнес-жоспар жасау бойынша, салықтық және статистикалық есептемелерін тапсыру және т.б. сұрақтар бойынша іс бастаушы және әрекет етуші кәсіпкерлерге 4,3 мыңнан астам қызмет көрсетті.

Кеңес берушілер қаржыландыру бойынша кәсіпкерлердің 98 жобасын сүйемелдеп, оның ішінде жуырда жобаларды субсидиялау және кепілдендіру бойынша 9 жоба мақұлданды. Олар: «Инсер» ЖШС (кондитерлік цех), ЖК Калдыбаев (балабақша ұйымдастыру), ЖК Жусипов К. (Сарыағаш қ. Құрылыс заттары дүкені), ЖК Оралова (кондитерлік цех) және Мади-С ЖШС, сонымен қатар 2 кәсіпкер грант жеңіп алды. Жақын күндерде тағы да 8 жоба бойынша шешім күтілуде.

Шымкент қаласындағы «ДАМУ» қорының филиалы алты айлық жұмысын қорытындылады

«Назарбаев Университеті» ББАҰ базасында «ШОБ топ-менеджментін оқыту» оқу жобасының шеңберінде оңтүстік қазақстандық компаниялардың 66 топ-менеджерінің өтініші іріктеліп, олардың ішінде 26 жетекші оқу курсынан өтті. Олардың арасында «Зерде фито» ЖШС, «Бал Текстиль» ЖШС, «Алтай» АШК және т.б. оңтүстіктегі танымал компания басшылары бар.

Жастарға және іс бастаушы кәсіпкерлерге арналған «Студент жастардың кәсіпкерлік бастамасын қолдау» және «Жаңа бизнесті ашуға қолдау» жобалары шеңберінде 100-ден аса адам оқытылды. Оның ішінде 5 адам бизнесін ашты.

Шымкент қаласындағы «ДАМУ» қорының филиалы алты айлық жұмысын қорытындылады

2016 жылдың сәуір айында облыс әкімшілігі мен «Даму» Қоры арасында жылдық мөлшерлемесі 8,5% болатын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың аймақтық Бағдарламасы бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Жақында «Даму» Қоры республика бойынша  «Даму Оптима» - «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасын іске қосқанын айта кеткен жөн. Бұл жаңа құрал сауда, қызмет көрсету, қоғамдық тамақтану орындары секілді салалар үшін қолжетімді болады. «Даму Оптима» бағдарламасы банк алдында кепілзаты жетпейтін кәсіпкерлерге «Даму» Қорының кепілдемесін пайдалана отырып несие алуға мүмкіндік береді.

Шымкент қаласындағы «ДАМУ» қорының филиалы алты айлық жұмысын қорытындылады

«Несие алу барысындағы кепілзат жетіспеушілігі көп кәсіпкерлер үшін қолбайлау болып отыр. Егер бұған дейін экономиканың басымдық берілген салалары бойынша жобаларын жүзеге асырып жатқан кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасының аясында «Даму» Қорының кепілдемелерін пайдаланып келсе, бұл бағдарламаның мақсатты тобына кірмейтіндер үшінші жақтың кепілдемесіне жүгінуге мәжбүр болған. «Даму Оптима» осы олқылықтың орнын толтырады. Енді кез-келген саладағы кәсіпкер «БЖК 2020» бағдарламасы немесе «Даму Оптиманы» таңдау арқылы «Даму» Қорының кепілдемесін ала алады»,-деді «Даму» Қорының Басқарма төрағасы Қаныш Тулеушин.

Бизнесі бар кәсіпкерлер үшін несиеге кепілдеме беру талаптары:

Кепілдеме мөлшері – несие сомасының 50%-нан аспауы керек. Айналымдағы қаражатты толықтыруға 36 айға дейінгі кепілдемемен 60 млн теңге, инвестиция салу үшін 60 айға дейінгі кепілдемемен 180 млн теңгеге дейін беріледі.

Франшиза бойынша іс бастағысы келген кәсіпкерлер үшін несиеге кепілдеме беру талаптары: Кепілдеме мөлшері: 20 млн теңгеге дейін. Несие сомасының 70%-нан аспауы керек. 20 млн теңгеден жоғары болған жағдайда несие сомасының 50%-нан аспайды.

Несие 80 млн теңгеге дейін беріледі. Кепілдеме мерзімі – айналымдағы қаражатты толықтыру үшін 36 айға дейін, инвестиция салуға 60 айға дейін.

Бағдарламаны жүзеге асыру үшін «Даму» Қоры өз қаражатынан 2,8 млрд теңге бөледі. Екінші деңгейлі банктердің бірқатары аталған бағдарламаға қызығушылық танытуда. «Даму» Қоры Қазкоммерцбанк, АзияКредитБанк, Евразия банкі және Банк Астана секілді бірқатар екінші деңгейлі банктермен келісімге қол қоюды жоспарлап отыр.


Тұмар АСЫЛ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға