Шымкент қаласы ҚАЖД бастығының міндетін атқарушы ұсталды

12.07.2022 01:32

ІІМ жедел тобы Шымкент қаласы ҚАЖД бастығының міндетін уақытша атқарушыны ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады, деп хабарлайды EL.KZ ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

9 шілдеде пара алды деген күдікпен шымкенттік ҚАЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оған қатысты бұлтартпау шарасын таңдау туралы мәселе шешілуде - делінген хабарламада.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері ІІМ басшылығының ерекше бақылауында.