Шымкент зообағына келуші қоршаудан асып өтіп, түйеқұсты теуіп жіберген
26.05.2025 22:06
Фото:
Видеодан кадр
Шымкенттегі зоологиялық бақта келеңсіз оқиға болды. Бұл сәтті келушілердің бірі видеоға түсіріп алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Бейнежазба зообақтың әлеуметтік желі парақшасында жарияланды. Оқиға 25 мамыр күні сағат 18:00 шамасында болған. Онда қауіпсіздік ережелері мен “қоршаудан өтуге болмайды” деген нақты ескертуге қарамастан, жас жігіт тәртіпті өрескел бұзғанын байқауға болады. Қоршаудан асып өткен және түйеқұсты аяғымен теуіп, өзге де хайуанаттарды үркіткен.
Осыған байланысты зообақ әкімшілігі тәртіп бұзған келушіні танығандар болса, дереу хабар беруді сұрайды. Қажет болған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгінбек.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

