Видеодан кадр

Шымкент тұрғыны көшеде жартылай жалаңаш билеген

26.01.2024 09:55

Шымкент тұрғынына жартылай жалаңаш билегені үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі Otyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, жастар әлеуметтік желі үшін контент түсіріп жатқан болуы мүмкін. Видеодағы жастар әлеуметтік желіге кезекті ролик түсірмек болған тәрізді. 

Қыз арнайы жарық-дыбыстық сигнал орнатылған автокөлік алдында билеп жатыр.  Бұл белгілер негізінде тек жедел жәрдем, патрульдік және өрт сөндіру көліктеріне арналған. 

Тәртіп бұзғандарға 15 АЕК немесе 55 мың теңге шамасында айыппұл салынды.