Видеодан кадр

Шымкент тұрғыны 23 жасар ұлына бір бүйрегін берді

05.02.2025 08:42

Шымкентте 56 жастағы тұрғын ұлына бір бүйрегін беріп, перзентіне жаңа өмір сыйлады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Қалалық №1 клиникалық аурухана базасында 230-шы бүйрек трансплантациясы өтті. 1969 жылғы ер адам донор болып, 23 жастағы баласына бүйрегін берді.

Дәрігерлердің айтуынша, 4,5 сағатқа созылған операция сәтті өтіп, екі пациент те жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.

Денсаулық сақтау басқармасындағылар бүйрегі алмастырылған реципиент 1,5 жылдан бері созылмалы бүйрек жетіспеушілігімен кезекте тұрып, гемодиализ аппаратына тәуелді болғанын атап өтті.

Айта кетейік, бүгінге дейін Шымкентте 230 бүйрек және 32 бауыр трансплантациясы жасалды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Шымкент Қаласының Денсаулық Басқармасы (@gorzdravshymkent)