Жаңалықтар

Шымкент қаласының көшелерін су басты

Шымкент қаласының көшелерін су басты
Фото: sn.kz 17.02.2023 17:21 1755

Толассыз жауған жауынның салдарынан Шымкент қаласының көшелерін су басты. Тұрғындар жыл сайын қайталанып отыратын көріністің біржола шешімін табуды сұрап дабыл қағуда, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

Ауа райының құбылуына байланысты орын алған жағдай бойынша әкімдік қалада су басу қаупінің алдын алу жұмыстары жасалды дейді.

«Қауіптің алдын алу үшін 366 адам, 178 техника жұмылдырылды. Су басқан орындарда кезекші бригадалар ұйымдастырылып, техникалар мен жұмысшылар жедел жұмыс атқарды. Қаладағы орталық және ішкі көшелерінде көлік қозғалысына қолайлы жағдай жасау бағытында тиісті жұмыстар қарқынды жүргізілуде» , – дейді Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Алайда халықты Түркістан облысы маңындағы ауылдарда орын алған жағдай мен су деңгейі көтерілу қаупі алаңдатуда. Аталмыш мәселе бойынша тұрғындарға қоғаммен байланыс тобының бас маманы Зарипа Тұрысбекова жауап берді.

«Бүгінгі күні ешқандай қауіп салдары байқалмады. Өзен су деңгейіне тұрақты моноторинг жүргіліп отыр. Төтенше жағдай орын алатындай болжам көрсетілмеді. Мамандар тәулік бойы апаттық жағдайдағы аумақтарды анықтап, төтенше жағдайдың алдын алу мақсатында ирригациялық жүйелерді тазалауда. Көрші облыстағы төтенше жағдай Шымкент қаласында орын алмайды», – деп мәлімдеді.

Коммуналдық мекемедегілер әкімдікке жылдағы көрініс қайталанбас үшін алдымен көшені бір саты биіктету керек деген шешім ұсынды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға