Жаңалықтар

Шымкент полициясына бір аптада 7 мыңға жуық адам жүгінді

Шымкент полициясына бір аптада 7 мыңға жуық адам жүгінді
Фото: polisia.kz 13.02.2023 11:14 1147

Шымкент полициясына бір аптада 7 мыңға жуық адам жүгінді, – деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

6-12 ақпан аралығында Шымкент қаласы полиция департаментінің жедел басқару орталығының “102” арнасына түрлі сипаттағы 6902 қоңырау түсті.

Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 17 қылмыс ашылды: ұрлық, бұзақылық, автокөлікті заңсыз иемдену жайттары бар. Атап өтейік, бейнебақылау камералары құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмыстарды ізін суытпай ашуға үлкен көмек көрсетеді.

Бұдан басқа, 1197 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды: ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы бойынша (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) -206, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу) – 63, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда тиісу) – 11, жол қозғалысы ережелерін бұзу жайттары – 729, 188 –  өзге де құқық бұзушылықтар. 

Мегаполистің тәртіп сақшылары құқық бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын және қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті қатаң сақтау қажеттігін еске салады.


Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға