Жаңалықтар

Шымкент полицейлері есірткі зертханасын жойды

Шымкент полицейлері есірткі зертханасын жойды
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 17.10.2023 13:31 712

Шымкент полицейлері есірткі зертханасын жойды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспар аясында арнайы іс-шараларды өткізу кезінде қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері 23 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруындағы Toyota Саmrу автокөлігін ұстады. Тексеру барысында көліктің салонынан жалпы салмағы 150 граммнан асатын есірткі табылып, тәркіленді.

Әрі қарай, ұсталған адамның пәтерін тексеру кезінде жедел уәкілдер электронды таразыларды, синтетикалық есірткі жасауға арналған психотроптық және өсімдік заттары салынған пакеттерді, химиялық заттармен жұмыс істеуге арналған респиратор маскасын, есірткі құралдарын араластыруға арналған контейнерлерді және қысымға арналған жабдықты тапты. Сонымен қатар есірткіні орауға қажетті: полиэтиленді пакеттер, изоленталар, ылғал өткізбейтін құрылғылар мен магниттер табылды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткі заттарының салмағы шамамен 800 граммды құрады, бұл аса ірі мөлшерге жатады. Белгілі болғандай, күдікті тамыз айында интернет арқылы есірткіні ораушы және өндіруші болып жұмысқа орналасқан. Содан кейін ол элиталық тұрғын үй кешендерінің бірінде пәтер жалдап, сол жерде мессенджер арқылы алынған нұсқауларды орындай отырып, сату мақсатында күшті есірткілік әсері бар “спайс” қоспасын дайындаған.

Қазіргі таңда ер адам тергеу изоляторында қамауда. Аталған жайтқа қатысты ҚР ҚК-нің 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға