Жаңалықтар

Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмысы аяқталды

Шымкент мұнай өңдеу зауытында жөндеу жұмысы аяқталды
Фото: kmg.kz 07.04.2023 13:51 1434

7 сәуірде Шымкент мұнй өңдеу зауыты жоспарлы алдын ала жөндеу жұмыстарын аяқтады. Кестеге сәйкес кәсіпорындағы жөндеу жұмысы осы жылдың 15 наурызынан 8 сәуіріне дейін жүруге тиіс еді. Жұмыс мерзімінен бұрын аяқталып, зауыт ішкі нарық үшін өнім шығара бастады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі ҚазМұнайГазға жасап.

Жоспарға сай сәуірде зауыт 366 мың тонна мұнай өңдеуі қажет.

Бензин өндірісі 110,1 мың тонна, дизель отыны – 114,8 мың тонна, сұйытылған мұнай газы – 15,1 мың тонна, әуе отыны – 19,3 мың тонна, мазут – 77,6 мың тонна көлемінде жоспарланып отыр.

Барлық жөндеу жұмыстары уақтылы, ал кейбірі уақытынан бұрын орындалғанын атап өткен жөн.

Айталық, мұнайды бастапқы айдау қондырғысы жұмыс режиміне жоспарлы мерзімінен бір тәулік бұрын, каталитикалық крекинг қондырғысы 5 тәулік бұрын шығарылды.

Мұнайды бастапқы айдау, каталитикалық риформинг, дизель отынын гидротазарту, керосинді гидротазарту, каталитикалық крекинг қондырғыларының жекелеген бөлшектерін ауыстыру, қалпына келтіру және жабдықтарын баптау сияқты іс-шаралар атқарылды.

Жөндеуге 22 мердігер ұйым мен 1305 маман тартылып, жұмысқа жұмылдырылды.

Мақсаты – зауыт жабдықтарының кепілді жұмысын қамтамасыз ету.

«Азаматтық қорғау туралы» заңының талаптарына сай жабдықтар мен техникалық құбырларға техникалық куәландыру мен өнеркәсіптегі қауіпсіздігіне сараптама жүргізілді.

2022 жылдың қорытындысы бойынша «ПҚОП» ЖШС рекордтық көлемде 6,2 млн тонна мұнай өңдегенін еске сала кетейік.

Бұдан бұрын Мемлекет басшысы зауыттың өндірістік қуатын арттыру және мұнай өңдеу көлемін жылына 12 млн тоннаға дейін ұлғайту міндетін қойды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға