Жаңалықтар

Шымкент мұнай өңдеу зауыты дихандарға 34,8 мың тонна дизель жібереді

Шымкент мұнай өңдеу зауыты дихандарға 34,8 мың тонна дизель жібереді
Фото: ©El.kz/Эльмира Жапарбекқызы 10.04.2023 17:17 1552

Шымкент мұнай өңдеу зауытының жоспарлы жөндеу жұмыстары мерзімінен бұрын 7 сәуір күні аяқталды. Үш күн ішінде өндіріс ошағы ішкі нарыққа 1500 тоннадан астам дизель жөнелтті. Әзірге Шымкент қаласы мен Түркістан облысын қамтып отыр, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

«ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС техникалық директоры Бақыт Ерегеновтың айтуынша, техникалық ережеге сәйкес зауыт әр жыл сайын ағымдағы, ал үш жыл сайын күрделі жөндеуден өту керек. Алайда, мұнай өндірушілер жұмысты тоқтатпастан үш жыл бойы жұмыс істеп келген. 

Берілген мерзім 15 наурыз бен 8 сәуір аралығы еді. Бірақ біз жөндеуді мерзімінен бір күн бұрын бітіп, кейбір іс-шаралар белгіленген мерзімнен ерте орындалды. Мысалы, мұнайды бастапқы айдау қондырғысы бір тәулік бұрын жұмыс режиміне шықты, ал каталитикалық крекинг жоспарланған мерзімнен 5 тәулік бұрын іске қосылды, - дейді ол. 

Айтып өтейік, Шымкент мұнай өңдеу зауыты былтыр 6,2 млн тонна мұнай өңдеп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізді. Биылғы жоспар бұдан да көп. Сәуір айының соңына дейін ПҚОП 366 мың тонна мұнай өңдеуі керек. Оның 110,1 мың тоннасы бензин, 114,8 мың тоннасы дизель отыны, 15,1 мың тоннасы сұйытылған мұнай газы, 19,3 мың тоннасы авиаотын, 77,6 мың тоннасы мазут. 

Жер емген дихандар үшін сәуір айында Шымкент зауытынан 34,8 мың тонна дизель отынын жөнелтуге басымдық берілмек.

Қазір «ПҚОП» ЖШС тәулігіне 17,7 мың тонна мұнай өңдеп жатыр. Өткен демалыс күндері «ПҚОП» ЖШС қазіргі қорынан шамамен 1500 тонна дизель отынын жөнелтті. 10 сәуірде өндіру мен паспорттау деңгейіне қарай 1600 тоннадан астам дизель отыны мен 220 тонна сұйытылған газды жөнелтуге дайындалып жатыр. Алдағы бірнеше күнде мұнай өнімдерін жөнелту деңгейі тәулігіне бензин – 6200 тоннаға, дизель отыны – 5600 тоннаға, авиаотын – 1150 тоннаға және сұйытылған газ – 820 тоннаға дейін ұлғайтылады, - деді «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС техникалық директоры Бақыт Ерегенов.

Шымкент мұнай өңдеу зауыты дихандарға 34,8 мың тонна дизель жібереді

Президент үшінші мегаполиске келген сапарында зауыттың өндірістік қуатын арттырып, мұнай өңдеу көлемін жылына 12 млн тоннаға дейін жеткізуді міндеттеген болатын.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға