Жаңалықтар

Шымкент әкімі көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады

Шымкент әкімі көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады
Фото: Видеодан кадр 05.10.2024 14:40 981

Шымкент әкімі V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысқан шымкенттік спортшыларды марапаттады, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы қала басшысы желі парақшасында жазды. Аталған ойында Шымкент атынан 18 спортшы қатысқан.

Бүгін жеңімпаздармен кездесіп, ұлттық құрама сапында лайықты өнер көрсеткен спортшыларды құттықтадым. Арнайы сыйлықтар мен ақшалай сертификаттар табыстадым. Біздің 18 спортшымыз 10 спорт түрі бойынша бақ сынап, құраманың қоржынына 7 алтын, 5 күміс және 4 қола медаль салды. Кездесу барысында спорттың дамуына қосқан үлестері үшін қатысушыларға және жоғары нәтижеге жету жолында аянбай еңбек еткен жаттықтырушыларына алғысымды білдірдім. Сондай-ақ, спортшыларды жаңа жетістікке жету жолында жан-жақты қолдауымызды жалғастыратынымызды атап өттім,-деп жазды Ғабит Сыздықбеков.

Айта кетсек, қыркүйек айында Астана қаласында 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойыны өтті. Бұл додада әлемнің 89-дан астам елінен келген спортшылар бақ сынады. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан ұлттық құрамасы 43 алтын, 32 күміс және 37 қола медаль жеңіп алып, бірінші орынға ие болды. 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков (@gabit_syzdykbekov)

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға