Жаңалықтар

Шымкент әкімі бүтін бір отбасын аман алып қалған газ қызметкерін марапаттады

Шымкент әкімі бүтін бір отбасын аман алып қалған газ қызметкерін марапаттады
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі 22.10.2024 21:36 324

Шымкент әкімі Ғабит Сыздықбеков Ермахан Манқараевты марапаттап, газ саласы маманының батылдығы мен кәсібилігін атап өтті, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Айта кетсек, қала тұрғыны 14 қазанда көршісінің өтінішімен пәтердегі газ жабдықтарын тексеру кезінде көміртегі тотығының жоғары деңгейін анықтап, шұғыл әрекет еткен. Пәтер ішінде Астанадан Шымкентке қоаққа келген отбасы болған екен. Есікті қосалқы кілттермен ашқанда балалар ес-түссіз, ал анасы ауыр күйде жатқан.Содан ол дереу көміртегі тотығы деңгейін тексергеннен кейін құрылғыларды бірден ажыратып, терезелерді ашып, балаларды құтқара бастаған. Тынысы жоғалған ұлдарға жансақтау әрекеттерін, жанама жүрек массажын жасағанда олардың дем ала бастағаны байқалған.

Оқиға орнына шұғыл жеткен дәрігерлердің айтуынша, слесардың сауатты әрекеттерінің арқасында қайғылы жағдайдың алды алынды. Отбасы ауруханаға көміртегі тотығымен ауыр уланумен түсті. Шымкентке Астанадан қонаққа келген тұрғындар көмектескендердің барлығына алғыстарын білдірді.

Пәтердегі қауіптің көзі - қарапайым газ бағанасы болған, мұржасы қоқысқа толы болған.

Осы ретте әкімдік тұрғындарға қайғылы жағдайдың алдын алу үшін газ жабдықтары мен түтін мұржаларын үнемі тексеріп отыру керектігін ескертеді.

Айта кетейік, бүтін бір отбасының уланудан аман алып қалған тұрғын Шымкент қаласы әкімдігі жанында газтехникалық инспекция жұмыс істейді, оның міндеттеріне газ жабдығының жай-күйін тексеру және көміртегі тотығымен уланудың алдын алу кіреді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға