Шымкент әкімдігі қала тұрғындарына үндеу жасады
03.04.2024 09:53
Фото:
Шымкент қалалық әкімдігі
Шымкентте 2 сәуірде жылу беру маусымы аяқталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Шымкент қаласының әкімінің өкіміне сәйкес мемлекеттік мекемелерде, кәсіпорындарында, әлеуметтік сала нысандарында, сонымен қатар көп қабатты тұрғын үйлерде және жеке тұрғын үйлерінде 2023-2024 ж.ж. жылыту маусымы 2 сәуір күні аяқталғанын хабарлаймыз, - делінген әкімдік мәліметінде.

