ТЖМ

Шымбұлақ шыңындағы жартаста 3 жасөспірім қалып қойған

07.07.2025 15:35

Жартаста қалып қойған — ТЖМ құтқарушылары Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді эвакуациялады, деп хабарлайды El.kz интернет порталы.

Оқиға 2025 жылғы 6 шілдеде кешқұрым болған.

Шымбұлақ маңындағы тауда үш жасөспірімнің өз бетімен төмен түсе алмай қалғаны туралы құтқарушыларға хабар түсті. Жартасты аумақта соқпақ жол болмаған. Геолокация берілді, байланыс үзілмеді. Республикалық жедел-құтқару жасағының құрамы Медеу постынан дереу оқиға орнына аттанды,- деп жазды ведомство.

Құтқарушылар жаяу жүріп, координаталар бойынша тауға көтерілген. Тік жартастар мен қауіпсіз маршруттың болмауы арнайы альпинистік құралдарды қолдануды қажет етті.