Жаңалықтар

Шығыста кенеден зардап шеккен балалар саны көбейген

Шығыста кенеден зардап шеккен балалар саны көбейген
Фото: © Pixabay.com 20.05.2023 09:18 960

Шығыс Қазақстанда көктем басталғалы бері 300-ден астам баланы кене шаққан, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Өңірлік Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметі өңірде сәуір айында кене таралу маусымы басталғанын мәлімдеді. Содан бастап осы күнге дейін барлығы 1057 адам кенеден зардап шеккен көрінеді. Оның ішінде 327 бала әлі 14 жасқа толмаған. 

1016 адам профилактикалық мақсатта кене энцефалитіне қарсы иммуноглобулин алды. Қалғандары ауруханаға кеш жүгіну, медициналық қарсы көрсетілімдер сынды себептерге байланысты екпе алған жоқ. Сондай-ақ Өскемен қаласында кене энцефалиті вирусына шалдығудың бір жағдайы тіркелді. Науқас қазір ауруханада жатыр, - деді  Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті баспасөз қызметіндегілер. 

Шығыс Қазақстан облысы республикада кене энцефалитін жұқтыру қаупі бар аймағына еніп отыр. Аймақтағы Глубокое, Алтай, Зайсан, Катонқарағай, Ұлан, Шемонаиха, Самар аудандарында және Риддер, Өскемен қалаларында кене энцефалитінің ошағы көп екенін мамандар айтып отыр. 

 
Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға