Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін

ТЖД алдағы 3 күнде тұрғындарды абай болуға шақырды
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүруі мүмкін
Фото: www.baq.kz 15.01.2023 03:40 1020

Шығыс Қазақстан облысының аумағы қар көшкіні жүруі  мүмкін, деп хабарлайды El.kz  облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тұрғындарды 14-16 қаңтар аралығында абай болуға шақырды.

Метеорологиялық жағдайдың өзгеруіне, жиі қар жаууына және желдің күшеюіне байланысты облыстың таулы жерлерінде қар көшкіні түсуі ықтимал. Осы ретте, тұрғындарға барынша абай болуды, ешбір жағдайда тауға шықпау қажеттігін ескертеміз. Егер қандай да бір қиындыққа тап болсаңыздар бірден «112» нөміріне қоңырау шалыңыз, - делінген ведомствоның хабарламасында.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға