Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні жүрді
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі 05.01.2023 16:01 2135

Шығыс Қазақстанда өздігінен қар көшкіні жүрді, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

 "Қазселденқорғау" ММ ақпараты бойынша 2023 жылғы 05 қаңтарда "Өскемен-Таулы Үлбі - Северное" (Глубокое ауданының 31 км.) облыстық маңызы бар автожол учаскесінде жалпы көлемі 600 м. текше метр қар көшкіні өздігінен түскен.

Жол алдын ала жабық болатын.  Қазіргі уақытта учаскені жол қызметтерінің техникасы тазартуда. Жол жабық күйінде қалады.

 ШҚО ТЖД бірнеше күн бойы қатты жел мен қардың жаууына байланысты көшкін қаупі туралы ескерткен.
 Сонымен қатар, бүгін "Өскемен-Алтай" учаскесінде көшкіндерді мәжбүрлеп түсіру жүргізілді. "Қазселденқорғау" ШҚ филиалының басшысы Омар Дүзгімбаев "Беткейлерден қар массаларын бақыланатын түсіру жұмыстары алдын ала жүргізілуде. Алдын алу іс-шараларын жүргізе отырып, біз жағдайды тұрақтандырамыз және сол арқылы тұрғындар мен автожолдар учаскелері арқылы өтетін көліктердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз.

Нәтижесінде учаскеде 4 рет қар түсіріліп 8200 текше метр қар түсті. Алдағы күндері бұл профилактикалық жұмыс жалғасады"
 ШҚО ТЖД өңірде қар көшкіні қаупінің сақталатынын хабарлайды.  Тұрғындар құтқарушылардың ұсынымдарына немқұрайлы карамауға және таулы жерлерге, көшкін қаупі бар учаскелерге бармауға тиіс.
 Төтенше жағдай кезінде 112 нөмірі бойынша хабарлау қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға