Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда қар көшкіні болуы мүмкін

Көшкін қаупіне жауын-шашынның түсуі, желдің күшеюі әсер етеді
Шығыс Қазақстанда қар көшкіні болуы мүмкін
Фото: egemen.kz 11.02.2023 07:15 1147

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні орын алуы мүмкін, деп хабарлайды El.kz «Қазселденқорғау» ШҚ филиалына сілтеме жасап.

Қар көшкінінің орын алуы әдетте қолайсыз метеожағдайларға – жауын-шашынның түсуіне, желдің күшеюіне және қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты болады.

ШҚО ТЖД мамандары бұл уақытта тауға барудан бас тартқан дұрыс. Көшкін қаупі бар ошақтар автомобиль жолдарына қауіп төндіреді, олардың жанынан өтіп бара жатқанда - тоқтамаңыз, бірақ қауіпті аймақтан тез шығыңыз. Егер сіз төтенше жағдайға тап болсаңыз және сізге өрт сөндірушілердің немесе құтқарушылардың көмегі қажет болса – «112» ұялы телефонынан барлық жедел қызметтерді шақыру үшін бірыңғай нөмір, - делінген хабарламада.

10-13 ақпан аралығында облыстың таулы аудандарында қар көшкіні қаупі бар.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға