Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда өртенген үйден 3 адамның денесі табылды

Шығыс Қазақстанда өртенген үйден 3 адамның денесі табылды
Фото: ТЖД баспасөз қызметі 16.03.2023 12:08 1045

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданында өртенген үйден 3 адамның денесі табылды, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі.

ШҚО төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға Жаңа Бұқтырма кентінде болған.

Өрт сөндірушілерге хабарласқан куәгерлер бесқабатты үйдің 4-ші қабатындағы пәтерден қатты түтін шығып жатқандығын айтты.

Олар оқиға орнына жеткен кезде төргі бөлмеде диван, кілем мен ағаш еден жанып жатқан.

Барлау барысында жатын бөлмеден 1973 және 1975 жылғы ер адамдар мен 1977 жылы туған әйелдің денесі табылды. Өлімнің нақты неден болғаны әлі анықталмады.

Қазіргі уақытта тиісті сараптамалар тағайындалған.

Көп ұзамай жалпы ауданы 4 шаршы метрді құраған тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Алдын ала дерек бойынша қызыл жалынның шығуына отты абайсыз пайдалану себеп болған. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 4 адам мен 2 техника жұмылдырылды, - делінген ақпаратта.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға