Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда ауыл оқушылары көз протезін жасады

Шығыс Қазақстанда ауыл оқушылары көз протезін жасады
Фото: gov.kz 16.03.2023 19:28 1243

Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауылыңдағы №1 орта мектеп оқушылары көз протезін ойлап тапты. Дария Мұстафина мен Әмір Сайранов жобаларын Наурыз кездесулерінде Оқу-ағарту министріне таныстырды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Жасанды көзді үнді робототехнигі Канти Шарманың үлгісімен құрастырдық. Бұл жобаны жасауға өзіміздің сыныптасымыздың жағдайы түрткі болды»,– дейді оқушылар.

Әмір мен Дария жобаны 2 айда жүзеге асырған. Енді олар екінші көз протезін жасап, оны ми нейрондарымен байланысын зерттемекші.

Айта кетейік, 15-17 наурыз аралығында заманауи ғылымның ең өзекті тақырыптарына арналған ғылыми жобалардың көктемгі байқауы өтуде. 150 жас ғалым жасанды интеллект, робототехника, машиналық ойлау және денсаулық сақтауды енгізу бойынша жүзден астам жобаны ұсынады.

Еліміздің барлық өңірлерінен 17 тірек ауыл мектебінің оқушылары өз жұмыстарын таныстырады. Олар 3D биопринтингке, ақылды протездер жасауға, биоинтерфейстерге және заманауи медицинаның басқа да өзекті басымдықтарына арналған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға