Шығыс Қазақстанда Астана күні 23 сәби дүниеге келді
07.07.2023 06:16
Фото:
©El.kz/Нүркен АЛИШЕВ
Шығыс Қазақстан облысында Астана күнінде 23 нәресте жарық дүние есігін ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
ШҚО Ақпарат орталығының мәліметіне сәйкес,, 6 шілде – Астана күнінде көптен күткен сәбилері дүниеге келген шығысқазақстандық аналар үшін қос мереке болып отыр.
Бұл күні Шығыс Қазақстан облысының барлық қала, ауданында 23 нәресте дүниеге келді. Оның ішінде 14-і ұл, 9-ы қыз.
Мен кішкентайымыздың Астана күнінде туғанына өте қуаныштымын. Бұл мереке халқымыз үшін әрқашан ерекше, ал биыл Астанамызға 25 жыл толды. Біздің үлкен отбасымыз үшін бұл күн енді қос мереке болады. Баршаңызды мерекемен құттықтаймын! Аспанымыз ашық болсын, - дейді аналардың бірі.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

