Бүгін су тасқынының алдын алу шаралары Катонқарағай ауданына қарасты Бухтарма өзенінде, Барлық ауылының маңында жүргізілді. Жалпы, 7866 шаршы метр мұз қабаты жарылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.
Мұз ең қалың жерлерде, сондай-ақ өзеннің жіңішке немесе бағытын өзгертуі мүмкін учаскелерінде жарылады. Құтқарушылар мамандардың мұз үстінде қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуде.
Өңірде бұл жұмыстар наурыз айының басынан бастап жүргізіліп келеді. Жалпы, облыс аумағындағы өзендерде 146 726 ш.м. мұз қабаты жарылды.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

