Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан тұрғындары қаржы пирамидасына 350 млн теңге салып алданған

Шығыс Қазақстан тұрғындары қаржы пирамидасына 350 млн теңге салып алданған
Фото: ©El.kz/Арман МҰХАТОВ 09.10.2023 16:02 703

Агенттіктің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментімен Chia Tai - Tianqing Pharmaceutical қаржы пирамидасын құру және басқару күдігі бойынша соталды тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап. 

Бұл фирманы ұйымдастырушылар 2022 жылғы қазаннан 2023 жылғы сәуірге дейін Telegram-мессенджері арқылы жалған фармацевтикалық компания болып танылып, салымшылардан заңсыз ақша алған.

Қаржы пирамидасына Шығыс Қазақстан облысы бойынша 234 азамат 350 миллион теңгеден аса қаржы салған.

Іс бойынша қаржылық пирамиданың құрылымдық бөлімшесінің басшысына соттың санкциясымен "Қамақта ұстау" бұлтартпау шарасы қолданылды.

Тергеу жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәліметтер тергеу мүддесі аясында жария етілмейді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға