Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты

Шығыс Қазақстан облысындағы шахтада жұмысшы қаза тапты
Фото: Pixabay.com 29.03.2023 15:27 867

Оқиға мыс өндіретін KAZ Minerals компаниясының Шемонаиха ауданындағы Артемьев шахтасында болған. Бұрғылаушының көмекшісі болып жұмыс істейтін ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Оның нақты неден қаза болғаны әзірге белгісіз. Осыған байланысты арнайы комиссия құрылып, құрамына компания мамандары, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметкерлері кірді. Өлімге не себеп болғанын сол комиссия анықтайды, - деді KAZ Minerals тобы корпоративтік байланыс департаментінің менеджері Ермек Дүзкенев.

Оның айтуынша, KAZ Minerals тобы басшылығы мен ұжымы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Компания оның отбасына қажетті көмек көрсетеді.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға