Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар аллеясы ашылды

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар аллеясы ашылды
Фото: ТЖМ 05.10.2024 08:39 476

Азаматтық қорғау органының кәсіби мерекесі аясында Шемонайха ауданының әкімі Григорий Акулов пен ТЖД бастығы Рашид Блялов құтқарушалыр аллеясын отырғызып, «Құтқару міндеті – мейірбан жандардың мәртебесі!» монументін ашты, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Аллея Усть-Таловка кентінде орналасқан. Монумент идеясы № 28 өрт сөндіру бөлімінің бастығы Дидар Әшімханға тиесілі. Д. Әшімхан М. Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының түлегі, 5 жылдан астам отпен күресіп, аудан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етіп келеді.

Монумент – бұл адамдардың өмірін құтқару үшін күн сайын өліммен бетбе -бет келуден қорықпаған батырларға арналған алғыс символы. Биыл біздің департаменттің қызметкерлерімен 2831 жедел шығу жүзеге асырылды, төтенше жағдайлар зонасынан 1075 адам эвакуацияланды, 235 адам құтқарылды. Бұл тұрғызылған монумент өскелең ұрпақты тәрбиелеуге рух береді, - деп атап өтті ТЖД бастығы Рашид Блялов.

Бұл іс-шараға ардагерлер, төтенше жағдайлар қызметінің жеке құрамы және ауыл тұрғындары қатысты.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға