Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысында бірнеше қар көшкіндері жүрді

Құрбандар мен қираған ғимарат жоқ
Шығыс Қазақстан облысында бірнеше қар көшкіндері жүрді
Фото: ҚР ТЖМ 07.01.2023 18:20 1268

«Қазселденқорғау» ММ ақпараты бойынша 7 қаңтарда сағат 07:30 - да «Алтай-Богатырево» жергілікті маңызы бар автожол учаскесінде жалпы көлемі 3500 текше метр көшкіні өздігінен түскен, деп хабарлайды El.kz ақпараттық агенттігі. 

09 сағат 50 минутта «Алтай-Путинцево»  автожолында көлемі 3700 текше метр көшкін түсті.

Жол учаскелері жабылды. Құрбандар мен қираған ғимарат жоқ. Қазіргі уақытта жолды Жол қызметтерінің күшімен тазартылуда.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті азаматтар мен туристерден қарлы беткейлерге шықпауды және қар көшкінін тудыруы мүмкін болғандықтан тау учаскелерінің жанынан өтпеуді, сондай-ақ таулы жерлерде барлық қауіпсіздік пен мінез-құлық шараларын сақтауды сұрайды. Өңірде бірнеше күн бойы көшкін қаупі сақталады, бұл туралы құтқарушылар бірнеше күннен бері халықты хабардар етіп келеді.

 

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Shygys Qazaqstan oblysynyn TJD (@shygysqaz_tjd)

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға