Шығыс Қазақстанда қар көшкін кезінде екі альпинист қаза болды
24.06.2022 01:13
Шығыс Қазақстандағы Белуха тауындағы туристік трассаны нығайту жұмыстары кезінде көшкін жүрді. Екі альпинист қаза болды, тағы бір адам зардап шекті, деп хабарлайды El.kz ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
– Қайғылы оқиға 23 маусым сағат 10.00 шамасында болды. Апат салдарынан 1992 және 1988 жылы туған екі ер адам көз жұмды. Сондай-ақ 1990 жылы туған Ресей азаматы зардап шекті. 32 жастағы тағы бір альпинист аман қалды, - делінген хабарламада.Жету қиын болғандықтан, "Қазавиақұтқарудың" МИ-8 тікұшағы жіберілген. Оқиға орнына келген тікұшақ ауада бір метр биіктікте қалқып тұрып, құтқарушылар альпинистерді тікұшаққа көтерді. Бір альпинистке апат медицинасы орталығының дәрігерлері алғашқы медициналық көмек көрсетті.
27 Қаңтар, 09:09
Құранды білетін қазақ жастарының Қара сөздерді оқымағанын естіп таңғалдым – чехиялық ІТ маманы
11 Қараша 2025, 18:13
«Шедевр»: Игорь Крутой тағы бір қазақстандық өнерпазға арнап ән жазды
6 Қараша 2025, 17:09
Күздің соңғы премьералары: қарашада қандай фильмдерге баруға болады

