Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанның бес ауданында өрт болып жатыр

Жалын 2600 гектардан астам жерді шарпыған.
Шығыс Қазақстанның бес ауданында өрт болып жатыр
Фото: ШҚО ТЖД 08.09.2022 00:09 744
Өрт Күршім, Катонқарағай, Глубоковский аудандарын, сондай-ақ Алтай аймағы мен Ахмирово әскери полигонын шарпыған, деп хабарлайды El.kz.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жалын 2600 гектардан астам жерді шарпыған.

Құтқарушылар өртті сөндіруге таулы жерлерде қиындық туындап жатқанын айтады.

- Алдын ала болжам бойынша, өрт аумағы 2625 гектарды құрайды. Елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаменті, орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдарының 1208 адамы мен 135 бірлік техикасы жұмылдырылды, - деп хабарлады Төтенше жағдайлар департаменті.




Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға