Жаңалықтар

Шығыс Қазақстанда полицейлер ұрланған 25 жылқыны иесіне қайтарды

Тарбағатай ауданының ПБ-ға жергілікті тұрғын еркін жайылымнан 36 жылқы ұрланғаны туралы өтініш білдірген
Шығыс Қазақстанда полицейлер ұрланған 25 жылқыны иесіне қайтарды
Фото: polisia.kz 04.10.2022 14:26 951

ШҚО полицейлері ұрланған 25 жылқыны иесіне қайтарды, деп хабарлайды El.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

16 қыркүйекте Тарбағатай ауданының ПБ-ға жергілікті тұрғын еркін жайылымнан 36 жылқы ұрланғаны туралы өтініш білдірген. Дереу тергеу-жедел тобы құрылып, оны Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері басқарған. 

22 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының аумағында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрланған малдың бір бөлігі анықталған. Қажетті тергеу әрекеттерін жүргізу мақсатында аталған мал жем-шөп базасының аумағына уақытша орналастырылды. 

Қазіргі уақытта жәбірленушіге 25 мал қайтарылды, сондай-ақ Тарбағатай ауданының басқа тұрғындарынан ұрланған мал табылды. Барлығы 47 мал тәркіленді. Ұрланған малды анықтау мақсатында фото-кестелер мен бейне-материалдар дайындалған, оларды айрықша белгілері бойынша тануға болады. Аталған материалдар әлеуметтік желілерде орналастырылған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға